Бокс
1 тамыз 13:17

Қазақтың бұрымды боксшысы АЧ-де қарсыласын есеңгіретіп тастады

©ҚБФ

Қазақстандық Айым Таңқыбаева Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы бірінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келі салмақ дәрежесінде 19 жасқа дейінгі жас боксшылар арасындағы бәсекеде Айым вьетнамдық Ти Хо Чанмен кездескен болатын.

Бұл айқаста қазақстандық боксшы айтарлықтай басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына бірауыздан қабылданған шешіммен аяқталды. Осылай Таңқыбаева төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті

Айта кетейік, бұған дейін Диана Серікбаева (48 кг) Оңтүстік Кореядан келген Ын Джи Кимді техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport