Бокс
18 желтоқсан 13:03

"Қазақтың алыбы" титулды айқаста қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

©

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 17 желтоқсан күні кәсіпқой бокстан Латын Америкасы құрлығының UBC Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Кездесу Колумбияның Санта-Марта қаласында өтті. Бұл сында отандасымыз 77 келі салмақ дәрежесінде жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасты. Кездесу 1 раундта (26 секунд) нокаутпен аяқталды.

Еске салайық, Алмат Жұманов, Қазақстан Рекордтар кітабына үш мәрте рекорд тіркеген, жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport