Қазақтың алыбы "Иран Халкын" бірінші раундта нокаутпен жеңді

©instagram.com/qazaqtitan/

Алмат "Қазақ Титаны" Жұманов бокс ережесі бойынша өткен айқаста Саяд "Иран Халкы" Гарибиді жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Араб Әмірліктерінің астанасындағы Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен жекпе-жек екі минуттан төрт раундқа есептелген болатын. Алайда қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Алмат 112 тонна болатын темір жол вагондарын орнынан қозғап, Ан-72 ұшағын алты метрге сүйреген алып күш иесі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport