"Қазақ Титаны" атанып кеткен алып күш иесі Алмат Жұманов Vesti.kz тілшісіне АҚШ-қа аттанар алдында сұхбат берді.
Мұның алдында Жұманов америкалық Bare Knuckle Fight Championship промоушенімен төрт жекпе-жекке келісімшарт жасаған еді.
Лига "Қазақтың албыбына" 2022 жылы тамызда Саяд "Иран Халкы" Гарибиді жеңгенне кейін назар аударған болатын.
- Қазір маған виза жасап жатыр. Бір-екі күнде қолыма тиеді, сосын АҚШ-қа аттанамын. Жаттығу, бейімделу. Екі аптадай. Осыдан кейін Майамиде жекпе-жек. Қарсылас әзірге белгісіз. Промоушеннің аса ауыр салмақта жалпы 15 боксшы бар. Солардың бірі. Бәрін қарап шықтым, өте мықты жігіттер.
- Келісімшарт туралы айтып берші?
- Бірінші жекпе-жек үшін маған 10 мың доллар төлеу керек, одан кейін гонорар өсе береді. Егер төрт айқаста көзге түссем, жаңа келісімшарт ұсынады.
- Алдыңа қандай мақсат қойып отырсың?
- Мақсатым - әлем чемпионы атану. Соған жету үшін барымды саламын. Чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келгім келеді. Бұйырса соған жетемін.