АҚШ-тың Орландо қаласында жартылай орта салмақтағы өзбекстандық Шахрам Гиясов (14-0, 9 КО) пен мексикалық Пабло Сесар Кано (35-8-1, 25 КО) жекпе-жегі өтті, деп жазады Vesti.kz.
Үшінші раундта Гиясов қарсыласын нокадаунға түсірді. Алайда кездесудің ортасына таман Кано басымдық таныта бастады да, айқастың аяғына таман өзбек боксшының өзін есеңгіретіп жібергендей болды, алайда төреші Гиясов сүрінді деп есептеді. Осыдан кейін мексикалық боксшы құлап түсіп, тобығын қайырды.
Жарақат салдарынан жеңісті Гиясовқа берді.
Еске салайық, 2018 жылы Кано қазақстандық Руслан Мадиевті (15-2, 6 КО) жеңген болатын, бұл қазақ боксшының карьерасындағы алғашқы жеңіліс еді. Мадиев бір кездері Геннадий Головкинмен жаттыққанын айта кетейік.