1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 16:24
 

Қазақты жеңген чемпион қай ел боксшылары ең мықты екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақты жеңген чемпион қай ел боксшылары ең мықты екенін айтты ©riadagestan.ru

Ресейлік боксшы Джамбулат Бижамов желтоқсан басында Дубайда (БАӘ) өткен IBA-ның 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы бәсекелестік деңгейі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік боксшы Джамбулат Бижамов желтоқсан басында Дубайда (БАӘ) өткен IBA-ның 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы бәсекелестік деңгейі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшыға әлем чемпионатындағы жеңісінің қаншалықты оңай болғаны және жарыстағы бәсекенің әлсіз болғанын айтуышлар бары жайлы сұрақ қойылды.

“Ең мықты құрамалар дәстүрлі түрде – Ресей, Өзбекстан және Қазақстан. Ливерпульде өткен әлем чемпионатында (World Boxing ұйымы аясында) Ресей қатысқан жоқ, ал Қазақстан мен Өзбекстан жүлделердің жартысын алды. Ал Дубайдағы IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында бұл құрамалар негізгі фаворит ретінде шықты. Бұл жолы біз де қатыстық, шамасы, кейбіреулерге бұл ұнамай қалған сияқты. Финалда мен Өзбекстан өкілі, қазіргі әлем чемпионы Жавохир Умматалиевті жеңдім. Осындай жеңістер бәсекелестік деңгейіне қатысты барлық сұрақты жабады деп ойлаймын”, – деді Бижамов Interfax-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, 80 келі салмақ дәрежесінде өткен әлем чемпионатының 1/8 финалында Джамбулат Бижамов қазақстандық Ерасыл Жәкпековпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен ресейлік боксшының пайдасына аяқталды - 4:1. Үшінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласын нокдаунға түсірген болатын. Төрешілердің шешімі жанкүйерлер арасында дау тудырды: бір бөлігі үкімді әділ деп есептесе, енді бірі оны қатаң сынға алды.

Жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы 7 алтын, 5 күміс және 1 қола жеңіп алып, бірінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен үшінші нәтиже көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!