Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда Айбек Оралбайға отандасы Нұрасыл Асылхан қарсылас болды.
Жекпе-жек Оралбайдың айқын басымдығымен өтіп, төрешілердің ортақ шешімімен Айбек жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының қоржынына бұл жарыстағы алтыншы алтынды салды. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Умида Садықова (+80 келі), Махмұт Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Айбектің інісі Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) алтын жүлдеге қол жеткізген еді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт күміс бар. Бұған дейін финалда Назерке Серік (65 келіге дейін), Панар Сейтханқызы, Аман Қонысбеков (75 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанған.
Жарнама