World Boxing Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысқан боксшылардың Instagram желісіндегі жазылушылары саны бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтингтің көшбасшысы қазақстандық Санжар Тәшкенбай.
Екі дүркін әлем чемпионы атанған спортшының парақшасына 214 мың адам жазылған. Екінші орында – Өзбекстаннан шыққан олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков. Оның Instagram парақшасында 173 мың жазылушы бар.
Үздік бестікке тағы бір қазақстандық қыз кірді – Назым Қызайбай.
Оның аудиториясы – 123 мың жазылушы.
"World Boxing 2025 маусымында чемпиондарымыз тек рингте ғана емес, әлеуметтік желілерде де жарқырады. Олар жанкүйерлермен бүкіл әлем бойынша байланыс орнатты. Қазіргі таңда онлайн бедел – әрбір боксшының мансабындағы маңызды бөлікке айналды.
2025 жылдың чемпиондары ішінде кім Instagram платформасында ең үлкен жанкүйерлер базасын жинай алды – соған көз жүгіртейік.
World Boxing 2025 рейтингінің үздік бестігі жалпы алғанда 800 мыңға жуық жанкүйерді жинаған. Керемет жұмыс, чемпиондар – рингте де, одан тыс та!", – деп атап өтті ұйымның баспасөз қызметі.
Жарнама