Бокс
13 тамыз 2019 09:59

"Қазақтар көп сөйлемейді, рингте көрісеміз". Жеңілмеген боксшы WBO, WBC, WBA белбеулерін қорғайды

Айдос Ербосынұлы Сурет: Suleiman Promotions©
Суперорта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental аймақтық белбеулерін қорғау жекпе-жегі алдындағы көңіл-күйін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтетін бокс кешінде ол жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) жұдырықтасады.

"Жекпе-жекке дайынмын. Алдағы кездесуде ел намысын қорғаймын. Біз, қазақтар көп сөзді емеспіз. Іспен дәлелдегенді ұнатамыз. Өзімді рингте көрсетемін", - дейді Ербосынұлы.

Айта кетейік, Ербосынұлы 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен және оның сегізі нокаутпен. Боксшы карьересында Ресей, Украина, АҚШ және Қазақстанда жұдырықтасты.

Сонымен қоса, бұл шоуда өзге қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) WBA Intercontinental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулері үшін аустралиялық Стив Гагомен (11-0, 4 КО) жекпе-жек өткізеді.