Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) британиялық Хамза Ширазбен (24-0-1, 19 КО) өтуі керек жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Top Rank Хамзамен жекпе-жегімізді ұйымдастырады және ол Нью-Йоркте өтеді деп үміттенемін. Себебі онда қазақтар өте көп! Бүкіл арена менің жанкүйерлеріме толады!", — деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Чемпиондық жекпе-жектің негізгі детальдары
Міндетті үміткер мәртебесі: Әлімханұлы екінші орта салмақта WBO чемпионы Хаиза Ширазға міндетті қарсылас атанды.
Бәсекелестен басым түсті:WBO даниялық боксшы Якоб Банктің (рейтингте №4) титулға үміткер болу туралы өтінішін қабылдамай, бұл мәртебені қазақстандық боксшыға берді. Жәнібек аталған рейтингте екінші орында тұр.
Чемпиондық тәжірибесі ескерілді: Әлімханұлының бұрынғы жетістіктері шешім қабылдаудағы басты фактор болды. Ол бұған дейін орта салмақта WBO чемпионы болған және титулын бес рет сәтті қорғаған. Сонымен қатар Винченцо Гуальтьериден IBF белбеуін тартып алып, чемпиондық титулдарды біріктірген.
WBO атақты чемпиондарға салмақ дәрежесін ауыстырған жағдайда титулдық жекпе-жекке басымдықпен қатысу құқығы берілетінін атап өтті.
Келіссөз мерзімі: Боксшылардың командалары жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөздерді бастауы тиіс. Егер 20 күн ішінде келісімшартқа қол қойылмаса, Дүниежүзілік бокс ұйымы тамыз айының соңына жоспарланған промоутерлік сауданы жариялайды.
Еске салайық, осы мүмкіндікке ие болу үшін Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық титулынан ресми түрде бас тартып, жоғары салмақ дәрежесіне ауысатынын жариялаған болатын.
Жарнама