Бүгін, 10 қараша Иордания астанасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық Сабырхан Махмұт жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы өзбекстандық Шахзод Музафаров болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақ боксшыға берді.