"Қазақтан шыққан Ломаченко" Азия чемпионатындағы келесі қарсыласының есімін білді

©olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында кіммен қолғап түйістіретінін анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыстың 1/4 финалында жерлесіміз 54 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Дорьныамбуу Ганболдпен жекпе-жекке шығады. Сабырханның қарсыласы осыған дейін 1/8 финалда төрешілер шешімімен таилық Фануват Чоожанатты жеңген еді.

Еске салайық, боксшы үшін бірінші әлем чемпионатынан кейін бокс әлемінде Махмұд Сабырханды  "қазақтан шыққан Ломаченко" деп атап кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар