Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында кіммен қолғап түйістіретінін анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жарыстың 1/4 финалында жерлесіміз 54 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Дорьныамбуу Ганболдпен жекпе-жекке шығады. Сабырханның қарсыласы осыған дейін 1/8 финалда төрешілер шешімімен таилық Фануват Чоожанатты жеңген еді.
Еске салайық, боксшы үшін бірінші әлем чемпионатынан кейін бокс әлемінде Махмұд Сабырханды "қазақтан шыққан Ломаченко" деп атап кетті.