Қазақтан шыққан әлем чемпионы қырғыз боксшыдан жеңілді

©ҚБФ

Теміртас Жүсіпов Белградтағы Beogradski Pobednik турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің 1/2 айналымында 51 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қырғызстандық Нұржігіт Дүйшебаевқа 4:1 есебімен жеңілді. Осылайша, Жүсіпов аталмыш жарыстан кем дегенде қола жүлде еншілейтіні белгілі болды.

Еске салайық, Теміртас Жүсіпов өткен жылы Сербия астанасындағы әлем чемпионатында 48 келіде алтыннан алқа тағынған еді. Спорттық мансабында Азия біріншілігінде топ жарған. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport