Бокс
14 тамыз 10:46
 

Қазақстанщық "Қасапшы" Жаңқош Тұраровпен бір кеште айқасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанщық "Қасапшы" Жаңқош Тұраровпен бір кеште айқасатын болды © instagram.com/norawsproduction_

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (8-0, 6 KO) келесі айқасы белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (8-0, 6 KO) келесі айқасы белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 5 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Бұл кештің басты айқасында қазақстандық Али Ахмедов (23-2, 17 KO) танзаниялық Джозеф Майгвисьямен (14-4, 10 KO) кездеседі. Тағы бір басты айқаста жеңіліс көрмеген Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) филиппиндік Али Канегамен (12-2, 8 KO) рингке шығады.

Сонымен қатар, кардта Қазақстанның "ең сұлу боксшысы" Балауса Мұздиман (8-0, 6 KO) да өнер көрсетеді. Оның қарсыласы да әзірге жарияланған жоқ.

Темиров рингке кейінгі рет биыл маусым айында шыққан. Ол Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде польшалық Лукаш Барабашты (4-16, 2 KO) нокаутпен жеңген еді.

"Қасапшы" лақап атымен танымал Темиров көбіне Германияда жұдырықтасады. Жергілікті жанкүйерлер оны Геннадий Головкинмен жиі салыстырады. GGG секілді, Темиров та кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамдарын Германияда жасап, жанкүйерлердің қолдауына ие болған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!