30 жастағы Қазақстанның тумасы Кристина Хаммер (26-1, 12 КО) 45 жастағы финляндиялық Санна Туруненді (6-4-1, 1 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Екінші орта салмақтағы бұл кездесу Германияның Кельн қаласында өтті. Негізі кездесу он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ Хаммер қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірді.
Осы жеңістен кейін Хаммер IBF және WBC белбеуінің уақытша чемпиондық атағын жеңіп алды.
Бұл Қазақстанның тумасы үшін биылғы жылдағы екінші кездесуі болды. Бұған дейін ол ақпан айында кениялық Флоренс Мутонидді төрешілердің шешімі бойынша жеңді.
Айта кетейік, Хаммер Қарағанды облысында Новодолинка ауылында дүниеге келген. Жас кезінде ол отбасымен бірге Германияға көшіп кеткен. Қазіргі уақытта Дортмунд қаласында тұрады. Кәсіпқой боксқа ол 2009 жылы ауысып, 20 жасында WBO белбеуін жеңіп алған.
Бокс
21 желтоқсан 2020 15:19
Қазақстанның тумасы қарсыласын нокаутқа түсіріп екі чемпиондық белбеуді иеленді
Сурет: instagram.com/ladyhammer_official/