Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бірден төрт өкілі өз салмақ дәрежелерінде автоматты түрде жартылай финалға өтті. Осының арқасында олар кем дегенде қола жүлдеге кепілді түрде жеітп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кепілденді жүлдегерлер:
Нұрбек Оралбай (85 кг дейін)
Бақыт Сейдіш (70 кг дейін)
Надежда Рябец (80 кг дейін)
Дина Исламбекова (+80 кг)
Жартылай финалдағы қарсыластар:
Келесі кезеңде қазақстандық боксшылар финалға жолдама үшін жұдырықтасады:
Нұрбек Оралбай — Дору (Моңғолия) / Сулейман (Иордания) жұбының жеңімпазы
Бақыт Сейдіш — Сеон (Оңтүстік Корея) / Алимире (Қытай) жұбының жеңімпазы
Надежда Рябец — Рани (Үндістан)
Дина Исламбекова — Сотимбоева (Өзбекстан)
Турнир World Boxing ұйымының қолдауымен 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді. Жалпы Қазақстан атынан бұл додаға 20 спортшы қатысады 10 ер және 10 әйел.
Жарнама