Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы WBC чемпионымен жекпе-жекке шығады

©instagram.com/adal_promotions

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Ташкенттегі бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

WBC желісі бойынша үміткерлік айқаста Мейірімнің қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-2, 9 КО) болды. 12 раунд толық өткен кездеу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Енді Нұрсұлтанов орта салмақта WBC чемпионына міндетті қарсылас атанып отыр, бұл белбеу қазіргі таңда америкалық Джермалл Чарлода (32-0, 22 КО).

Айта кетейік, Доминикана Республикасында өткен WBO конвенциясында Нұрсұлтанов 2023 жылдың үздік боксшысы атанды. 

Ал оған дейін BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Сонымен қоса, қазақстандық BoxRec тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың топ-3 тізіміне кірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport