Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы жыл боксшысы атанды

©BasSport.kz

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановты (19-0, 11 КО) 2023 жыл қорытындысы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшы деп атады, деп хабарлайды Vesti.kz Adal Promotions промоутерлік компаниясына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Доминикана Республикасында өтіп жатқан WBO конвенциясында жарияланды.

Бұған дейін BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport