Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы чемпиондық айқасқа шығатын уақыт айтылды

©instagram.com/adal_promotions

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жекке қашан шығатынын айтты. 

Осыған дейін Мейірім келесі айқасын WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 КО) қарсы өткізетіні айтылған еді. 

"WBC орта салмақта бүртүрлі түсініксіз әрекеттер істейтінін білемін. Алайда чемпионға қарсылас анықтайтын үзіліс аяқталды. Меніңше, Нұрсұлтанов қарсылас ретінде өте жақсы. Ол WBC конвенциясында жұдырықтасып, бірінші нөмір атану құқына лайық. Енді "уақытша чемпионды" мықты қарсыласпен сынайтын уақыт келді. Егер Карлос Адамес оны жеңе алса, Чарломен жекпе-жекке шығады. Жеңілсе, Мейірімнің жолы ашылады. Боксшылардың командалары мұны біліп те отырған шығар. Бұл жекпе-жек көктемде болады деп отырмын. Сәуірдің соңы, не мамырдың басында", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар