Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы 32 нокауты бар боксшымен айқасады

©twitter.com/Main_Events

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (19-0, 11К) қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте германиялық боксшы Винцент Файгенбутцпен (39-3, 32К) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Мassaget.kz

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы тәжірибелі боксшы. Әлемдік бокс рейтингінде жоғары сатыға жайғасқан: WBC - 11, IBF - 12, WBO - 13, Boxrec рейтингінде 24-орында.

Ташкент төріндегі орта салмақтағы жекпе-жек WBC Middleweight Elimination деңгейінде өтеді. Жеңгені WBC чемпионына міндетті қарсылас атанады. Шаршы алаңдағы шайқас 12 раундқа жоспарланған. 

Отандасымыз жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанған еді. 

Қазіргі таңда Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындалуда. Жаттығу лагерін Ақтауда өткізіп жатыр. Соңғы рет шаршы алаңға ол сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport