Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы 18 нокауты бар чемпионмен айқасатыны айтылды

©Тұрар Қазанғапов

Бокс шолушысы әрі инсайдер Буг Уильямс орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы доминиканалық Карлос Адаместің (23-1, 18 КО) келесі қарсыласы кім болатынына қатысты пайымын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Твиттер желеісін пайдаланушылардың бірі Адаместің рингке бір жылдай уақыт шықпағанын жазды. Ал Уильямстің пікірінше, доминиканалықтың келесі қарсыласы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болады.

"Егер WBC оған қарсылас ретінде Мейірім Нұрсұлтановты белгілесе таңданбаңыздар. Бұл жігіт WBC-дің былтырғы конвенциясында жұдырықтасқан", - деп жазыпты Буг.

Айта кетейік, BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар