54 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан дәрігер шешімі бойынша Странджа кубогі-2025 турниріне қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшы жарысты бүгін 1/4 финалдан бастап, косоволық Башким Бажокумен жұдырықтасу керек еді.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Махмұтта тағамдық инфекция анықталып, ол енді 3 наурызға дейін рингке шыға алмайды.