Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол ринг қожайыны Билгуунсайхан Хархууга күтпеген жерден 0:5 есебімен жол берді. Осылайша, қазақстандық спортшы құрлықтық біріншілікті қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.