Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев ауыр салмақтағы Баходир Джалоловты темірдей тәртіп арқасында чемпион ете алғанын ашып айтты, деп жазады Еgemen.kz.
"Тәртіпке басымдық беретінім рас. Баходирді "скакалкамен" талай сабағанмын. Кейде қасымдағы жаттықтырушылар ара түсетін. Сондай қатал тәртіптің нәтижесінде Боходир чемпион болып жүр. Қазір маған рахмет айтады", - дейді маман.
Сонымен қоса, Джалоловпен бірге Исраил Мадримов, Муроджон Ахмадалиев, Елнұр Абдураимов сияқты боксшыларды шыңдауға Қазақстан үлкен үлес қосқанын мойындады.
"Айтпақшы, Баходирді шыңдауға Қазақстан да едәуір үлес қосты. Баходир, Исраил, Муроджон, Елнұр бастаған мықты шәкірттерімнің барлығы Қазақстан арқылы әлемге танылды. Сіздерде жастар мен ересектер арасында жылына 10-15 турнир ұйымдастырылады. Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Атырау, Ақтау, Шымкент, Түркістан секілді қалаларда өтетін турнирлерге шәкірттерімді талай апарғанмын. Кейде бір қаладағы турнирді тәмамдап, елге қайтпай, бірден екінші шаһардағы турнирге топ ете түсетінбіз. Боксшыларымызды турнирлерге көбірек қатыстырып, тәжірибе жинақтау басты мақсат болды. Жалолов, Мадримов, Ахмадалиев секілді боксшылар жастар мен ересектер арасындағы жарыстарға қатар қатыса беретін. Баходир жас күнінде арық, бойшаң болды. 92 келіде жұдырықтасатын. Беті қайтып қалмасын деп Алексей Севастьяновтың (қарағандылық боксшы) жеке бапкеріне әшәкіртің байқап ұрсын, екінші раундта рингке шығармаймызә деп өтініш айтқан кезіміз де болған. Сөйткен Баходир қазір абыройымызды асырып жатыр», деді Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері.