Қазақстан бокс құрамасының боксшысы Теміртас Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы Непал боксшысы Лал Прасад Упрети болды. Жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.
Осылайша, Жүсіпов жартылай финалға өтіп, кепілді түрде қола жүлдеге жетіп отыр.
1/8 финалда Теміртас Үндістан боксшысы Девендра Сингх Соланкиді 4:0 есебімен жеңгенін айта кетейік.
Бүгін, 10 желтоқсанда 1/2 финалға жолдама үшін тағы тоғыз қазақстандық боксшы сынға түседі.
37 жастағы Жүсіпов - қазақстандық әуесқой бокстың тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі. Оның қоржынында әлем чемпионы атағы (2021), екі мәрте Азия чемпиондығы (2013 және 2019), WSB лигасындағы жеңіс (2015), сондай-ақ, Әлемдік әскери ойындарындағы (2019) және әскерилер арасындағы әлем чемпионатындағы (2021) жеңістер бар. Сонымен қатар, ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Жарнама