World Boxing жаңа ұйымы аясында өткен бокстан тұңғыш әлем чемпионаты өз мәресіне жеткенімен, Англияның Ливерпуль қаласындағы турнир төңірегіндегі дау-дамай әлі де басылар емес, деп хабарлайды Vesti.kz.
Желіде финалдық жекпе-жектен кейін болған оқиғаның видеосы тарады. Онда Қазақстан мен Түркияның бұрымды боксшыларының кездесуі аяқталғаннан кейін орын алған жанжал сәті бейнеленген.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда қазақстандық Алуа Балқыбекова түркиялық Бусеназ Чакыроғлумен финалдық айқаста қазылар шешімімен жеңіске жетіп, алтын жүлдеге ие болды.
Алайда Түркия құрамасының өкілі мұндай нәтижемен келіспей, қазылыққа наразылық білдіріп, жанжал шығарған. Тіпті ұйымдастырушылар оның ашуын басуға мәжбүр болып, ал Бусеназ Чакыроғлу оны залдан жетектеп алып кетті.
Еске сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы чемпионатты жалпыкомандалық есепте бірінші орнымен аяқтады. Әлем чемпиондары атанғандар: Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова. Күміс жүлдені Назым Қызайбай, ал қоола жүлдені Виктория Графеева мен Елдана Талипова жеңіп алды.
Жарнама