| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:35
 

Қазақстанның 22 боксшысы АЧ финалына өтті. Өзбекстанда қанша?

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның 22 боксшысы АЧ финалына өтті. Өзбекстанда қанша? ©instagram.com/boxingkazakhstan

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жасөспірімдер (U-19) мен жастар арасындағы (U-23) бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жасөспірімдер (U-19) мен жастар арасындағы (U-23) бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 22 өкілі турнирдің финалына жолдама алды. Алтын үшін U-19 санатында тоғыз, ал U-23 санатында 13 қазақстандық боксшы бақ сынайды.

Екі жас санаты бойынша финалистер саны жағынан Қазақстан екінші орында келеді. Бұл көрсеткіште тек финалға 27 боксшысы өткен Өзбекстан ғана алда тұр. Үздік үштікті 18 финалисі бар Үндістан түйіндеді.

U-19 және U-23 санаттарындағы Азия чемпионатының финалистері (ерлер мен әйелдер)

Өзбекстан – 27 финалист;
Қазақстан – 22;
Үндістан – 18;
Жапония – 4;
Оңтүстік Корея – 2;
Қырғызстан – 2;
Индонезия – 2;
Таиланд – 1;
Қытайлық Тайбэй – 1;
Моңғолия – 1.

Сонымен қатар, Қазақстан U-23 санатындағы ерлер арасындағы финалистер саны бойынша көш бастап тұр.

Қазақстан – 7;
Өзбекстан – 6;
Үндістан – 3;
Жапония – 2;
Қырғызстан – 2.
Қазақстанның U-19 санатындағы финалистері
Әділ Асқанбай (50 келі);
Ақжүрек Қалабай (65 келі);
Бибарыс Әшірбай (70 келі);
Тимур Тайбеков (80 келі);
Руслан Ахметов (85 келі);
Владислав Саможонов (+90 келі);
Камила Оспанова (70 келі);
Айдана Убайдуллақызы (80 келі);
Зарина Толыбай (+80 келі).
Қазақстанның U-23 санатындағы финалистері
Бексұлтан Боранбек (55 келі);
Нұрасыл Төлебек (60 келі);
Нұрбек Мурсал (70 келі);
Аман Қонысбек (75 келі);
Өнер Сейілхан (80 келі);
Темірлан Мұқатаев (85 келі);
Ибрагим Бетаев (90 келі);
Гүлназ Борибаева (48 келі);
Анита Әдішева (51 келі);
Ұлжан Сәрсенбек (57 келі);
Әзиза Исина (70 келі);
Шұғыла Нәлібай (75 келі).

Финалдық жекпе-жектер қашан өтеді?

Азия чемпионатының U-19 және U-23 санаттарындағы әйелдер арасындағы финалдық кездесулер 15 шілдеде өтеді. Ал ерлер арасындағы шешуші жекпе-жектер 16 шілдеге жоспарланған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!