Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Сергей Липинец (16-2-1, 12 КО) карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп жазады allboxing.ru порталы.
33 жастағы боксшы жуырда Premier Boxing Champions компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасуы керек еді. Бірақ жекпе-жек өтпей қалды.
"Қазір ғана Дарвин Прайспен кездесу өтпейтін болды деп хабарлады. PBC компаниясының мәліметінше, мен келесі кездесуімді шілде немесе тамызда өткізеді екенмін. Маған карьерамды аяқтай салғаным дұрыс сияқты. Жағдайым жақсы. Дегенмен қазіргі уақытта жекпе-жек алу үшін әлеуметтік желіде белсенді болу керек екен. Алайда мен ондай емеспін", - деді боксшы.
Өткен жылы сәуірде Джейрон Эннистен (28-0, 26 КО) жеңілгеннен кейін шаршы алаңға шықпаған Лепинецтің айтуынша, оның кездесуге шықпағаны промоутерлеріне байланысты емес.
"PBC компаниясының жұмысына еш күмәнім жоқ. Олар менің осындай деңгейге жетуіме көп көмектесті. Тек қарсыластар ғана келісім бермеуде. Жуырда Прайс келіспеді, оның алдында Ричардсон шыққысы келмеді", - деді Липинец.
Еске салайық, осыған дейін Липинец Ресей намысын қорғады. Бірақ кейін оның жеке ақпаратында қайтадан Қазақстанның туы шықты. 33 жастағы боксшы осыған дейін IBF белбеуін иеленген еді. Алайда ол америкалық Майки Гарсиядан (40-2, 30 КО) ұтылып, белбеуінен айырылды.