Қазақстаннан екінші сенсация! Қазақ боксшы жеңілмеген өзбекстандық кәсіпқойды таза жеңді

©ҚБФ

71 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергенов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финал өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші раундта төрешілердің бәрі жеңісті қазақ боксшыға берді, ал екіншісінде бес төрешінің төртеуі Асыланбек басым түскенін көрсетті. Осылайша, Шымбергенов 5:0 есебімен таза жеңіске жетті. 

Енді ширек финалға жолдама үшін Шымбергенов Германия өкілі Магомед Шахидовпен жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport