Қазақстанға келген Айдос Ербосынұлы ерекше сыйлық алды

6 желтоқсан 2022 20:29
©instagram.com/yerbossynuly_aidos/

Супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы Қазақстанға келгеннен кейін ерекше сыйлық алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Suleimen Promotions баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Промоутерлік компания таратқан ақпарат бойынша, елге келген Ербосынұлы достарынан жылқыны сыйға алған. 

Еске салайық, Ербосынұлы қараша айының басында Куба елінің боксшысы Давид Моррелге қарсы жекпе-жек өткізді. Бұл айқаста WBA World белбеуі сарапқа салынды. 

12 раундта Моррел нокаутпен жеңіске жетті. Бұл айқастан кейін отандасымыздың миына қан кетіп, емхана барды. Содан соң комаға түсіп, операция жасатты. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport