Қазақстандықтарды нокаутқа түсіретін боксшы Головкиннің промоутеріне барды
Жартылай орта салмақта IBF чемпионы америкалық Джарон Эннис (31-0, 28 КО) промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойып, DAZN платформасында өнер көрсететін болады, деп жазады Vesti.kz.

26 жастағы боксшы жаңа келісімшарт бойынша алғашқы айқасын жазда өткізбек.
Эннис IBF белбеуін Теренс Кроуфорд былтыр оны міндетті қорғаудан бас тартқанда ие болған. Енді Джарон өз кезегінде титулды Коди Кроулимен міндетті жекпе-жекте қорғау керек.
"Эдди Хирн, Matchroom және DAZN-мен серіктес болғаныма қуаншытымын. Енді өз жолымды жалғастырып, абсолют чемпион атанатын сәтімді асыға күтемін. Мен үшін үлкен жекпе-жектер бар және мен оларға дайынмын", - дейді боксшы.
Айта кетейік, Эннис қазақстандық бокс сүйер қауымға жақсы таныс. 2020 жылы қаңтарда ол қазақстандық Бахтияр Эюбовты нокаутқа түсірген, ал 2021 жылы Ақтөбе облысының тумасы Сергей Липинецті құлатқан.
Ал Эдди Хирн атақты Геннадий Головкиннің кейінгі жекпе-жектерін ұйымдастурымен айналысқан болатын.
Жарнама