Жартылай орта салмақта өнер өкрсететін қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
33 жастағы Мадиев 4 сәуір күні Бангкок қаласында (Таиланд) рингке оралады. Оның қарсыласы - "Жолбарыс" лақап атымен франциялық танымал боксшысы Флоран Дерви (14-3, 9 КО).
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Аталған титулдың иесі - қазақстандық боксшы.
Руслан Мадиев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 4 қазанында Бангкок қаласында өткізіп, намбиялық Абед Шиконгоны (12-1-1, 7 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Ал Флоран Дерви 7 ақпанда Таиланд астанасында жергілікті боксшы Киттисак Клинсонды (11-3-1, 7 КО) нокаутпен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта Азия бокс федерациясының чемпионы атанды.
Жарнама