Бокс
Бүгін 13:04
 

Қазақстандық төрт боксшы World Boxing рейтингінің ең жоғары сатысына жайғасты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық төрт боксшы World Boxing рейтингінің ең жоғары сатысына жайғасты © instagram/boxingkazakhstan

World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

blog.share

World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Жаңартылған рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) көш бастады.

Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші сатыға жайғасты.

Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа мына спортшылар кірді: Сабыржан Аққалықов (4-орын, 75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (4-орын, 80 келіге дейін), Надежда Рябец (4-орын, 80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (6-орын, 60 келіге дейін), Виктория Графеева (6-орын, 60 келіге дейін), Елдана Тәліпова (7-орын, 80 келіден жоғары), Ертуған Зейнуллинов (9-орын, 65 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (9-орын, 85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (9-орын, 90 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (10-орын, 70 келіге дейін).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!