Бокс
7 сәуір 16:21

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің финалында ұтылды

©ҚТФ

Қазақстандық Дмитрий Попко теннистен Мексикадағы Морелос турнирінде жеңіске қол жеткізе алмады.

Финалда Дмитрий швейцариялық Марк-Андреа Хуслерден айласын асыра алмады. Матч 4:6, 6:3, 4:6 есебімен аяқталды. Ойын екі сағатқа созылды.

Айта кету керек, бұған дейін Попко Морелиадағы (Мексика) турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport