Бокс
2 тамыз 12:07

Қазақстандық тағы бір боксшы АЧ-де кореялықтан жеңілді

©ҚБФ

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Томирис Мырзақұл алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Азияның U-19 және U-22 санатындағы чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары бақ сынауда.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Томирис Мырзақұл оңтүстіккореялық Ким Рён Ёнмен кездесіп, жекпе-жек нәтижесінде төрешілер ортақ шешіммен жеңісті кореялық боксшыға берді.

Айта кетейік, бұған дейін Мырзақұл Шри-Ланкада өткен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған жарыста 52 келі салмақта күміс жеңіп алған еді.

Осымен бұл Азия чемпионатынан шығып қалған қазақстандық үшінші боксшы. Бұған дейін 50 келіде Әділ Асқанбай оңтүстік кореялық Чой Джунвоннан жеңіліп қалды. Ал 90 келіден аса салмақта Бексұлтан Қайратұлы  өзбекстандық Ислам Салиховқа есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport