Қазақстандық сұлу кәсіпқойда бірінші титулын жеңіп алды

12 желтоқсан 2022 10:19
©Instagram/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабаралйды Vesti.kz.

Алматыда өткен бокс кешінің андеркардында Лукас танзаниялық Лулу Кайагемен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ екінші раундта Кайаге ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. Осылайша, Ангелина өте жеңіл салмақта UBO World титулын жеңіп алды. 

Кәсіпқойда әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы үшін бұл үш жекпе-жектегі үшінші жеңіс. Ал Кайаге карьерасында тоғызыншы рет жеңіліп отыр екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport