Бокс
26 тамыз 12:53

Қазақстандық сұлу әлем чемпионы атағы үшін айқасатын болды

©instagram.com/muzdi___

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман (8-0, 6 КО) 5 қыркүйекте Universal Boxing Organization (UBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтеді, қарсылас - үндістандық боксшы Мамта Сингх (8-2-1, 5 КО). Кездесу Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы бокс кешіне жоспарланған.

Еске салайық, Балауса кейінгі рет 5 сәуір Астанада өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Сегіз раундтық кездесуде ол Филиппин боксшысы Мария Тереза Пинилиді (7-2, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport