Қазақстандық Олимпиада жүлдегері Азия чемпионатының медалін еншіледі

©dailynews

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

70 келіге дейінгілер арасында бәсекеге түскен Шәкімова ширек финалда үндістандық Пуджудан басым болды. Осы жеңісінің арқасында қазақ қызы сары құрлықта ең аз дегенде қола жүлдемен елге оралады.

5 қараша күні жарыс жолына шыққан қазақстандықтар арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) және Жазира Орақбаевалар (52 келі) жартылай финалға шықса, Аида Әбікеева (63 келі) орта жолда сүрінді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар