Бокс
13 тамыз 17:10
 

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Өзбекстанның бас бапкеріне үн қатты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Өзбекстанның бас бапкеріне үн қатты ©Olamsport

2008 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті Париждегі жетістіктерімен құттықтады. 

blog.share

2008 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевті Париждегі жетістіктерімен құттықтады. 

Киличев бастаған Өзбекстан командасы Парижде бес алтын жеңіп алды да, бокстағы жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. 

"Тулкынды жастайымнан білемін, бір интернатта өстік, бірге жаттықтық, бір ұстаздардан тәлім алдық. Интернаттағы достық ешқашан ұмытылмайды. 

Бауырым Толик! Командаңның керемет жетістігімен құттықтаймын! Тарихқа аттарыңды жаздыңдар! Еңбекқор екеніңді білемін, осы үшін көп тер төктің! Саған мықты денсаулық тілеймін, өзіңді және денсаулығыңды күт, бауырым!", - деп жазыпты Сәрсекбаев Instagram желісінде. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!