Қазақстандық Олимпиада чемпионы IBF титулы үшін айқасады. Жекпе-жек күні белгіленді

21 қыркүйек 2021 09:32
©Matchroom Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) Нұр-Сұлтанда өтетін жекпе-жектерінің күні белгілі болды. Бұл бокс кеші туралы Vesti.kz тілшісіне Олимпиада жүлдегерлерінің менеджері Зия Алиев айтып берді.

30 жастағы Данияр былтыр жеңіп алған жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental титулын қорғайды.

"Шоу 18 желтоқсанда өтеді. Промоутер - Зия Алиев. Boxing Stars Management. Мэйн-ивент - Данияр Елеусінов. Ко-мэйн-ивент - Иван Дычко. Өзге кард та керемет болады - қазір сол бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Таңдау сіздерді қуантады. Шоу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады", - дейді Алиев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар