Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) актер әрі поп-MMA өкілі Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қаржылай тұрғыдан ғана қызықты
34 жастағы қазақстандық боксшы мұндай жекпе-жектің спорттық мәні жоқ екенін, алайда, коммерциялық және медиялық тұрғыдан қызықты болуы мүмкін екенін атап өтті.
- Америкада жиі болатындай блогермен жекпе-жек өткізу сізге қызық па?
- Тек табыс үшін ғана - иә. Спорттық мәні жоқ", - деп жауап берді Елеусінов SauBall YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Тоқтардың ұсынысын қабылдай ма?
Данияр Елеусінов танымал қазақстандық поп-MMA файтерімен ықтимал жекпе-жекке қатысты да нақты жауап берді.
- Егер Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек ұсынса, келісер ме едіңіз?
- Иә, табыс үшін. Әрине, оның жеңе алмайтыны түсінікті, - деді боксшы.
Қазақстандықтардың соңғы жекпе-жектері
Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкенттегі бокс кешінде өткізді. Ол жергілікті Тимур Никулинмен бокс ережесі бойынша айқасып, бірінші раундтың 72-секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ал Данияр Елеусінов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Вашингтон қаласында шаршы алаңға шықты. Ол филиппиндік Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.
Жарнама