Бокс
20 желтоқсан 2019 09:34

Қазақстандық Олимпиада чемпионы DAZN-дегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

© Matchroom
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


28 жастағы Елеусінов Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық уақытпен кездесу 21 желтоқсанда таңда болады.

Елеусінов 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жұдырықтасады. Екі боксшы да таразыда жартылай орта салмақ лимитінен сәл асып кетті, бұл титул сарапқа салынбайтын жекпе-жектерде қалыпты жағдай. Елеусінов 147,8 фунт болса, Санчес 147,9 фунт болды.

Естеріңізге салсақ, бокс кешін DAZN көрсетеді. Басты кездесуде Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы қарсы Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеспен (51-3-1, 33 КО) жұдырықтасады.