auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық нокаутшының келесі қарсыласы WBSS жеңімпазымен жұдырықтасқан

Қазақстандық нокаутшының келесі қарсыласы WBSS жеңімпазымен жұдырықтасқан
© Eye Of The Tiger Managment
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Нұрзат Сабыровтың (8-0, 7 КО) 16 наурыз Монреальда жұдырықтасатын қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы қазақстандық 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады. Рейносо 15 жеңіске жеткен, оның жетеуі нокаутпен. Сонымен қатар, ол 11 жекпе-жекте жеңіліп, төрт қарсыласымен тең түскен. 

Кәсіпқой боксқа Рейносо 2011 жылы өтті. Осы уақыттан бері ол тек аймақтық белбеулер үшін жекпе-жектерге шығып, чемпиондық үшін жұдырықтаспаған. 

Оған қарсылас болған ең белгілі боксшы екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы британиялық Каллум Смит (25-0, 18 КО). Қарсыластар 2016 жылы 29 мамырда Ливерпульдегі бокс кешінде британиялық Тони Белью мен конголезиялық Илунго Макабу жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасты. 

Сегіз раундты жекпе-жек кезінде Смит үш рет Рейносоны нокдаунға түсіріп, алтыншы раундтың екінші минутында төреші жекпе-жекті тоқтатты. 



Британияға сапар аргентиналық үшін ең ұзақ жол болғанын айта кетейік, оған дейін Рейносо отанында ғана жұдырықтасты. Кейін Мексика мен Чилиде жекпе-жектер өткізді. Ал Сабыровпен жекпе-жек ол үшін Канададағы дебюті болады.

Рейносо бірнеше салмақта жұдырықтасқанын айта кеткен жөн. Алғашқы орта салмақтан бастап, бірнеше жекпе-жек сайын жаңа дивизионға өтіп отырған. Соңғы жекпе-жегін аргентиналық жартылай ауыр салмақта өткізді. Ал Сабыровпен жекпе-жек екінші орта салмақ лимитінде өтеді деп жоспарланған. 

Бұл бокс кешінде жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), алайда, оның қарсыласы әлі белгісіз. Қазақстандық екі боксшы да Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартта. 

Жүкембаев кәсіпқой бокстағы карьерасын 2015, ал Сабыров 2017 жылы бастаған. Екеуі де барлық жекпе-жектерін Канадада өткізген. Алдағы бокс кешінде Жүкембаев тоғыз раундты, Сабыров сегіз раундты жекпе-жекте жұдырықтасады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама