Қазақстандық нокаутшының қарсыласы айқас алдында Головкиннің атақты сөзін айтты
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы польшалық боксшы Дамиан Вржесинский (28-3-2, 7 КО) қазақстандық Сұлтан Зауырбекпен (18-0, 13 КО) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы польшалық боксшы Дамиан Вржесинский (28-3-2, 7 КО) қазақстандық Сұлтан Зауырбекпен (18-0, 13 КО) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
Заурбек - Вржесински кездесуі 7 желтоқсан Уотерфордта (Ирландия) өтеді.
"Бұл жақсы айқас болады. Қарсыласымның жекпе-жектерін тамашалағанмын. Ол асау, жылдам әрі жылпос сияқты. Техкникасы мен жұдырықтасу дағдысы тамаша. Демек біз керемет жекпе-жек көрсетеміз. Болжам айта алмаймын, бокста бәрі болатынын білесіздер. Рингте көреміз.
Жалпы, қазақстандық боксшылар өте мықты. Геннадий Головкин - орта салмақтағы ұлылардың бірі есептеледі. Қазақстанда бокстың қалыптасқан жақсы дәстүрі бар. Бұл біздің айқасты қызықты ете түседі. Бізде өзіміздің Big Drama Show болады деп сенемін", - дейді Вржесинский.
Жарнама