Бокс
30 сәуір 2024 09:21
 
Қазақстандық нокаутшының карьерасы "өкінішпен" аяқталатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық нокаутшының карьерасы "өкінішпен" аяқталатыны айтылды ©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші орта салмақтағы қазақстандық Али Ахмедовтың (19-1, 14 КО) Алматыда өткен "IBA чемпиондарының түні" атты бокс кешіндегі нокаутпен жеңісіне қатысты ойын айтты. 

Ахмедовтың қарсыласы венесуэлалық Карлос Риверо (26-3-1, 15 КО) болды. Тоғыз раундқа есептелген айқас екіншісінде аяқталды, Али қарсыласын нокаутқа түсірді.

"Бұл керемет жеңіс. Қарсылас тәжірибесі мол боксшы болды. Ол Ахмедовке қиындық тудыра алуы мүмкін еді. Қазақстандық боксшы әлі де жақсы формада екені көру қуанышты. Бірақ мен IBA турнирлерін қолдамаймын. Олардың кәсіпқойдағы карьераға әсері мардымсыз. Ал Ахмедов рингке бір жарым жыл шықпады. Ол уақытын жоғалтып жатыр, осы уақытты рейтигін өсіру мен танымалдылығын артыруға жұмсауға болар еді. Мұндай қарқынмен, ол ұмыт болып қалған проспектердің біріне айналады", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!