1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 10:55
 

Қазақстандық нокаутшының жекпе-жегін дәрігерлер тоқтатып тастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық нокаутшының жекпе-жегін дәрігерлер тоқтатып тастады ©

Қазақстан құрамасынан бір боксшы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің финалына жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасынан бір боксшы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің финалына жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жетістікке қазақстандық Владислав Саможонов жетіп отыр. Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында америкалық Калеб Стюарт Рейдпен кездесіп, айқын жеңіске жетті.

Жекпе-жектің алғашқы екі раундының әрқайсында америкалық боксшы нокдаунға түсіп отырды. Ал үшінші раунд басталар алдында Рейдтің қабағы жарылғандықтан, дәрігердің ұсынысымен кездесу тоқтатылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Саможоновқа берді. Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің финалына өтіп, алтын жүлдеге басты үміткерлердің біріне айналды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Даниал Шалқарбай (65 кг) екінші раундта нокдаунға түсіп, жеңіліс тапқан болатын. Ал Хамза Мақсатұлы (75 кг) турнирдің ширек финалына жолдама алды. Сонымен қатар, Тимур Тайбеков (80 кг) Өзбекстан боксшысын жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін 1/4 финалда Владислав Саможонов жаңа зеландиялық Те Ани Ракетені екінші раундта екі рет тік тұрған күйінде нокдаунға түсірген болатын, осыдан кейін төреші айқасты тоқтатқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!