Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегінің күні белгіленді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәлімет көзінің ақпараты бойынша, Батыр 29 мамыр Лос-Анджелесте Showtime ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық боксшының қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО).
Жүкембаев - Матиас жекпе-жегі IBF ұйымының "төртеудің турнирі" аталып кеткен жарыстың бір бөлігі. Оның жеңімпазы ұйым чемпионына міндетті қарсылас атанады. Ал екінші жұп британиялық Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО).
Батыр Жұкембаев осыған дейінгі кезждесулерінің бәрін Канадада өткізген. Алдағы айқас Америкада өтетін бірінші жекпе-жегі болады.