Қазақстандық нокаутшыны сұлатқан боксшы Головкин салмағындағы чемпионның кардында шығады

Сурет: Pro Boxing Fans

Желтоқсан айында қазақстандық Али Ахмедовты (16-1, 12 КО) нокаутқа түсірген эквадорлық боксшы Карлос Гонгораның (19-0, 14 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Гонгора 17 сәуір Холливудта өтетін бокс кешінде рингке шығады. Бұл шоудың басты айқасында орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) мен британиялық Лиам Уильямс (23-2, 18 КО) жұдырықтасады. 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Карлостың қарсыласы америкалық Кристофер Пирсон (17-2, 12 КО). Кездесу 12 раундқа есептелген. 

Айта кетейік, Гоногора Ахмедовты жеңгеннен кейін IBO чемпионы атанған еді. 

Ал Андраденің салмағында қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өнер көрсетеді. Головкин келесі жекпе-жегін көктемде, WBA Super титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған.

Жаңалықтар