Қазақстандық нокаутшыны есеңгіреткен боксшы чемпиондық айқасқа шығады

©boxingscene.com

Қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) бұрынғы қарсыласы пуэрториколық Сабриэль Матиас (18-1, 18 КО) бос тұрған IBF белбеуі үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы пуэрториколықтың (63,5 келіге дейін) қарсыласы аргентиналық Херемиас Понсе (30-0, 20 КО) болады. 

Титулды айқас 25 ақпан АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтеді.

Еске салайық, Жүкембаев пен Матиас 2021 жылы мамырда жұдырықтасып, Батыр карьерасында алғаш рет жеңілген. Лос-Анджелесте өткен бұл кездесу қазақ боксшының Америкадағы бірінші жекпе-жегі болған. Бұған дейін қазақстандық нокаутшы барлық айқасын Канадада өткізген еді. 

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Төртінші раундта Матиас Батырды нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін қазақстандықтың командасы жекпе-жекті жалғасытрмайтын болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар